Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО ПД басшылығы қабылдау өткізді

c 16:42, 14/06/2019 c 1166

0:00 / 0:00

БҚО - да дәстүрлі республикалық жолда қабылдау акциясы басталды. Маусым айының 14-15 күндері БҚО полицейлері облыс бойынша тұрғындарды барлық сұрақтары бойынша қабылдайды. Республикалық жолда қабылдау акциясы ІІМ бұйрығына сәйкес өтеді. Осымен үшінші мәрт өтіп жатырған бұл жолғы акцияның басты ерекшелігі бүгін ПД басшыларының өздері қабылдау өткізіп жатыр.ПД бастығының бірінші орынбасары Серік Суйнбаев бастап, барлық басқармалардың бастықтары өздері халықпен кездесуге келген.Әсіресе әкімшілік полиция басқармасының бастығы, жергілікті полиция қызметінің басшылығы,көші - қон басқармасының бастықтары бәрі осы жерде.Ала таңмен өз сұрағын полиция өкілдеріне қоюға келген ақсақал да осындай кездесулердің жиі өткенін қалайтынын жеткізді.
ПД ұйымдастырған бұған дейінгі екі жолда қабылдау акцияларында 500 -ге жуық адам қатысып, түрлі сұрақтарына жауап алған.Бүгін келіп жатырған адамдар негізінен жол қауіпсіздігі, әкімшілік айыппұлдар мәселесі, көші - қон талаптарына қатысты сұрақтарымен келген.Бұл акцияның мақсаты полициямен халықтың арасын жақындастыру, қарапайым халық полиция өкілдеріне, әсіресе басшыларына өз сұрақтарын қоюға,кездесуге келуге мүмкіндік жасау.
Жолда қабылдау акциясы бүгін және ертең кешке дейін жүретін болады, полиция өкілдері адамдардың барлық сұрақтарына жауап беруге дайын екендіктерін жеткізді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.