Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО -ның бас полицейі облыстағы блокпосттардың жұмысын тексерді

c 15:23, 07/04/2020 c 636

0:00 / 0:00

БҚО -ның бас полицейі облыстағы блокпосттардың жұмысын тексерді.Кезекті жұмыс барысында блокпосттарда тұрған полиция қызметкерлерімен және көлік жүргізушілерімен сөйлесті.Мұндағы мақсат блокпосттарда кездесетін тәртіп бұзушылықтың алдын алу, халыққа ыңғайлы жағдай жасау болып табылады.
БҚО бойынша 60 блок пост орнатылған. ПД бастығы генерал майор Махсудхан Аблазимов блокпосттардағы полиция қызметкерлерімен сұқбаттасып, тәртіп жәйін тексерді. Бұдан бөлек бас тәртіп сақшы көлік жүргізушілерімен тілдесіп, арыз-шағымдарын тыңдады. Қуантарлығы-әзірге блокпостта тұрған полиция қызметкерлеріне қатысты ешқандай арыз түспеген. Бұл туралы ПД арнайы өкілі Болатбек Белгібеков мәлімдеді. Карантин енгізілгеніне қарамастан блокпосттағы көлік саны азаймай отыр.
Карантин басталғалы БҚО бойынша 137 адам карантин ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылыпты. 44 адам әкімшілік қамауға алынған, 37 адамға әкімшілік айыппұл салынған. Полиция қызметкерлері блокпосттағы тәртіпті күшейтіп, қаладағы ережені де қатаңдатып жатыр. Қатаңдатылған ережеге қарамастан блокпостарды заңсыз кесіп өтпекші болғандар да кездескен. Полиция қызметкерлері оларды дер кезінде ұстағандарын айтады.
Айта кетейік, Қазақстанда төтенше жағдай сәуірдің 15-сіне дейін деп белгіленді. Ал БҚО-да карантин 31 наурыздан бастап енгізілді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.