Қазір эфирде

Бағдарлама кестесі жоқ

01:00

Технический перерыв

19:30

Новости

20:45

Cinemaтограф park

21:00

Әлем және аймақ жаңалықтар

БҚО-ның 2018-жылға арналып нақтыланған бюджеті 126 млрд. теңгені құрайды

c 18:49, 16/03/2018 c 585

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде бүгін өткен облыстық мәслихат сессиясында белгілі болды. Сессияда 4 мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобасы мақұлданды. Оның екеуі медицина саласына қатысты. Бұдан өзге әлеуметтік маңызы бар 5 бастама бойынша және авто көлік жолдарын жөндеуге қаражат бөлінетін болады.

Сессияда Шыңғырлау ауданының Лубенка ауылындағы ауысымына 35 келуші қабылдайтын дәрігерлер амбулаториясының құрылысы және оны пайдалану бойынша жоба жергілікті мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының тізіміне алынды. Сонымен қатар, облыстық ауруханаға магнитті резонансты томогорафты лизингке алу жобасы бар. Оның құны 550 млн. теңге тұрады. Құрылғыны инвестор өз қаражатына сатып алғанымен ақша мемлекетпен кері қайтарылады.

Мемлекеттік органдардың материалдық-техникалық жағдайы жақсартылып, төтенше жағдайда керек техника сатып алынады. Осындай қажеттіліктер ескеріліп, бюджет 2 млрд. теңгеден астам сомаға ұлғайтылып отыр.

Облыс орталығында 30 аула абаттандырылып, 40 көшенің жолын жөнделеді. 500 млн. теңге ветеринария салысына бөлінбек. Сонымен қатар, 430 мың гектар ауыл шаруашылық жерін суландыру жұмысы атқарылады.

Президенттің бес әлеуметтік басым бағыттар жөніндегі бастамасы бойынша облыста ауқымды шара атқарылғалы отыр. Оның ішінде тұрғын үймен қамту, жас мамандарды қолдау және өзге де маңызды мәселелер шешілетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.