Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО мен Самара облысының іскерлік ортасы қалыптасты

c 16:52, 06/06/2022 c 531

0:00 / 0:00

Ресейлік компаниялардың 86%-дан астамы Украинадағы соғысқа байланысты санкциялардан зардап шегуде. Бұл туралы Ресейдің кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі кеңсесінен хабарлады. Сауалнамаға қатысқан кәсіпкерлердің 12 пайыздан астамы өндірісті тоқтатуға ниетті екенін мәлімдеген.Басқосу барысында қос облыстың көлік, туристік сала және білім беру қызметтерінің экспортын дамыту мәселелері кеңінен талқыланды. Ақжайық өңірі үшін экономиканы дамыту және инвестиция тартуда кәсіпкерліктің экспорттық әлеуетін арттыру ерекше маңызға ие екенідігі анық. Дегенмен әскери операциялар басталғалы бері көрші елдің экономикасы құлдырау үстінде. Сол себепті көршілес облыстардың кәсіпкерлерімен тығыз байланысты одан әрі дымыту қолға алыныпты. Кәсіпкерлер палатасы алаңында оралдық кәсіпкерлермен және кәсіпорындар өкілдерімен кездесуге жиналған көрші елдің спикерлері қазақстандық әріптестермен бұған дейін де ешқандай мәселесінің болмағанын айтты. Және алдағы уақытта екі ел арасында қарым-қатынас одан әрі нығая түсетінін, ортақ жобаларды жүзеге асыруда оң қадамдардың басталғанын жариялады.Жиында екі өңір арасындағы жүк, жолаушы тасымалдары мәселелері де ортаға салынды. Қазіргі уақытта қазақстандық шекарадағы Озинки елді-мекеніне дейінгі жол жөнделген, ал ресейліктер алдағы екі жыл ішінде жолдарын жөндейтінін хабарлады. Мұның өзі жол бойындағы сервисті дамытуға, туризмді дұрыс жолға қоюға өзіндік септігін тигізбек. Екі елдің өзара сауда байланысы 21 жылда 2 миллиард доллардан асқан.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.