Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да жалған мемлекеттік нөмірлі көлік қолға түсті.

c 16:51, 19/06/2019 c 797

0:00 / 0:00

БҚО - да жалған мемлекеттік нөмірлі көлік қолға түсті. "Борышкер" жедел профилактикалық іс шарасының бірінші күнінде - ақ полицейлер бірнеше заң бұзушылықтарды анықтады.Рейдтік шара кеше, маусым айының 18 күні басталған болатын. "Борышкер" жедел профилактикалық іс шарасы маусым айының 18 нен 28 -не дейінгі аралықта өтетін болады.БҚО полицейлері мен жеке сот орындаушылары кеше рейдтің бірінші күнінде -ақ бірнеше заң бұзушылқтарды анықтады. Борышкер шарасы аясында алимент төлемей жүргендер мен әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарып жүргендер тоқтатылып, айыппұлдар өндірілетін болады.Бүгінде Орал қаласы бойынша 4 мыңға жуық әкімшілк іс өндірісте жатыр дейді мамандар.
Борышкер жедел профилактикалық шарасы аясында алимент төлемей жүрген әкелерге де іздеу салынатын болады. Бүгінде БҚО бойынша 8 мыңнан аса іс алимент өндірісі бойынша қаралып жатыр. Ал 134 әкеге іздеу жарияланған. Алименттерін төлеуге асықпай жүрген әкелердің де сот шешіміне сәйкес көліктері тоқтатылып, егер алиментті төлемесе көлік жүргізу құқығынан айыру көзделіп отыр. Бұл қарыздардың бәрі арнайы база арқылы тексеріледі. Автоураган кешені арқылы анықталады.Рейдтік шараның бірінші күнінде -ақ полицейлер жалған мемлекеттік нөмірлі көлік басқарған азаматты қолға түсірді. Мерседес көлігін басқарған азаматтың екі айыппұлы бар болып шықты.
Енді бұл көлік иесі жалған нөмір таққаны үшін әрі жалған нөмірлі көлікті басқарғаны үшін жауапқа тартылады. Айта кетейік жалған нөмір таққаны үшін 15 АЕК есебінде айыппұл салыну көзделген.Жалған нөмірмен көлік басқарғаны үшін 20 АЕК есебінде айыппұл немесе бір жылға жүргізуші куәлігінен айыру көзделген. Бүгінде Орал қаласындағы айып тұрағында айыппұлдарын уақытылы төлемеген 475 машина тұр.Полиция қызметкерлері осы он күндік рейд барысында азаматтарға айыппұлдарын төлеуге мүмкіндік беріледі дейді, ал төлеуден бас тартып, қарсылық танытқан жағдайда ғана хаттама толтырылып, тиісті шаралар жүргізілетін болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.