Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО - да полицейлер көп балалы отбасыға ақшалай көмек көрсетті

c 15:15, 02/04/2019 c 716

0:00 / 0:00

БҚО - да полицейлер көп балалы отбасыға ақшалай көмек көрсетті. Бұл полицейлердің көп балалы отбасыларға көрсеткен алғашқы көмегі емес.Бұған дейін де төрт отбасыға қаржылай көмек берген құқық қорғаушылар, бұл жақсылық шараларын бұдан былай да жалғастыруды көздеп отыр. Ақпан айының ортасынан бастап полиция департаментінде адалдық дүкені жұмыс жасап тұр.Ол дүкен полиция қызметкерлерінің адалдығын тексеруге бағытталған.Бұл жерде ешқандай сатушы жоқ, тек сатып алушы ғана бар. Әр полицей өзі сатып алған тағамының ақшасын кассаға қалдырып отыруы тиіс. Түскен қаржы мұқтаж адамдарға таратылады.Дүкен әр жұма сайын жұмыс жасайды.Әр басқарма осы акцияға ат салысады.Бұл жолы кезек БҚО әкімшілік полиция басқармасына келген.Басқарма қызметкерлері түскен қаржыны көп балалы әкеге табыс етті.
Мұқанов Сержан бес баланы жалғыз тәрбиелеп отырған әке. Балаларының алды студент, кішісі балабақшаға барады. Мемлекеттен тек он мың теңге жәрдемақы алады. Ал балалардың анасы осыдан екі жыл бұрын кетіп қалған. Содан бері Мұқанов Сержан бір өзі балаларды тәрбиелеп келеді.
Адалдық дүкені "Ақжайық адалдық алаңы" жобасы аясында ұйымдастырылғанын айта кетейік.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.