Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да парақорлық фактісі бойынша ішкі істер органы әлі де көш бастап тұр

c 17:14, 12/09/2018 c 631

0:00 / 0:00

Бұл жөнінде жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аймақтық комиссия отырысында айтылды. Жемқорлықтың алдын алып, қылмысқа қарсы күрес жүргізуге бюджеттен 9 млн. теңге қарастырылған. Алайда бұл қаржы қаншалықты тиімді жұмсалып отыр? Кездесуде аталмыш мәселе көтерілді. Сондай-ақ парақорлық дерті қылаң берген аудандардың жағдайы назардан тыс қалмады.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша аймақтық комиссия отырысына атқарушы және қадағалаушы органы, құқық қорғау органдары өкілдері және селекторлық режимде барлық аудан әкімдері қатысты. Күн тәртібінде қаралған алғашқы мәселе-бүгінгі қоғамда кең белең алған парақорлыққа қарсы әлеуметтік тапсырыстардың орындалуы.

9 млн. теңге қыруар қаражат жемқорлыққа қарсы күрес шараларына жұмсалуы тиіс. Алайда басылып шығарылатын плакаттар мен флаерлер қаншалықты тиімді.? Үнпарақтардың қоқыс жәшітеріне тасталуы-ақшаны желге ұшырғанмен тең ойлантарлық жайт дейді облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.

Сондай-ақ жиында жемқорлық фактілері бойынша қызметкерлері қолға түскен Жаңақала, Жәнібек, Зеленов аудандарында қабылданған шаралар сұралып, бақылауды күшейту тапсырылды. Мәселен, Жәнібекте бөбекжай есепшісі 2015-17 жылдар аралығында 11 млн. теңгені заңсыз өз шотына аударғаны үшін бас бостандығынан айрылған болатын.

Жаңақалада мемлекеттік тапсырыстарды орындауда құлқыны кең парақорлардың қылмысы әшкере болса, аудандық бөлім басшысы жекешелендіру ісін шешу үшін ақша алмақ болған. Түп тамыры тереңге жайылып, қоғам дамуындағы кесел болған жемқорлық бойынша БҚО-да ішкі істер органы көш бастап тұр. 6 оқиға орын алып, 4 адам қамалған. Көбіне учаскелік полициялардың пара алу жағдайы орын алатыны аңғарылуда. Енді параны алған адам ғана емес, берген адам да жауапқа тартылады. Жыл басынан осындай 2 адамға шара қолданылған. Оқу орындарында күзгі және көктемгі уақытта студенттер арасында "Таза сессия", "Өзіңнен баста" атты акцияларды өткізуге 2 млн. 400 мың теңге бөлініп отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.