Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да биыл құрылыс саласына 16 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінген

c 18:19, 08/08/2018 c 774

0:00 / 0:00

Биыл тұрғын үй құрылысы мен инженерлік желілер салуға 16 млрд. теңгеден аса қаражат бөлінген. Жаңа көп қабатты үйлер тұрғызу жоспары 40 пайызға артығымен орындалып отыр. Осындай ақпарат берген БҚО құрылыс басқармасы жыл санап баспанасыз жүрген жандарды пәтермен қамту мәселесі шешімін тауып жатырғанын атап өтті. Құрылыс саласында атқаралып жатырған жұмыс жөнінде толығырақ арна тілшісі айтып береді.

Биыл "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 17 млрд. теңге бөлінген. 10 көп қабатты үй салыныпты. Бұл үйлерде 1400ден астам пәтер бар. Және ауылдық жерлерде 113 бір пәтерлік тұрғын үй салынған. Жыл сайын ұлттық қордан және республикалық бюджеттен үй құрылысы мен инженерлік құрылымға бөлінетін сома ұлғайып келеді. Құрылысшыларға берілген тапсырма ауқымды. Ал мердігер кәсіаорындардың бірінің басшысы Сергей Потиченко құрылысқа қажетті техника мен құрал жабдық алуда және өндірісті жаңғыртуда мемлекеттік тапсырыс пен қолдаудың маңызы зор екенін айтады. Айта кетейік, алдағы демалыс күндеоі құрылысшылардың кәсіби мерекесі. Қыстың ызғары мен жаздың аптабында тыным көрмейтін құрылысшыларға мейрамның құрметіне демалыс жарияланады. Биыл сондай-ақ 22 субен жабдықтау нысанындағы жұмыс аяқталады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.