Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

БҚО-да адамға қасқыр шапты

c 18:06, 17/10/2017 c 1003

БҚО-ның Касталов ауданына қарасты Талдықұдық ауылында 13 жасар бала түз тағысына таланып қала жаздады. Абырой болғанда жасөсіпірім өзін қорғау үшін қашып құтылып, сарайдың төбесіне мініп кеткен. Дегенмен қасқыр баланың жамбасынан тістеп үлгеріпті. Алғашқыда жыртқышты қой арасында жүрген ит деп ойлап, бейқам жүріп зардап шеккен адам қазір Жалпақтал аудандық ауруханасында ем қабылдауда. Ауыл адамдары қасқырды көрген мезетте атып өлтірген екен. Аңның дене бөліктері құтыру дертіне шалдығу фактісі бар-жоғын анықтау үшін арнайы сараптамаға жіберіліп, жасөспірімге арнайы осы дертке қарсы екпе салынған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.