Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Қысқа дайындық пысықталды

c 19:28, 21/09/2018 c 585

0:00 / 0:00

Ауа-райы салқындаған сайын, қысқа дайындық мәселесі- күн тәртібінен түспейтін сауалдың бірі. Облыс әкімі биылғы 2018-2019 жылғы жылыту маусымына дайындықты қадағалау мақсатында кәсіпорын мен құрылыс нысандарында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты. Оралдықтарды жылумен қамтамасыз етіп отырған "Жайық жылу қуат" акционерлік қоғамы азаматтардың қысты күні жылусыз қалмауы үшін кәсіпорында бірқатар модернизация жұмыстарын атқарылыпты.

Мұрат Байменов
"Жайық жылу қуат" ақ бас директоры
Биылғы жылы қысқа дайындық үшін 393 млн теңгедей қаражат бөлінді. Ол қаржыға бес энергетикалық қазандықтың үшеуі жөнделді. Бірқатар бу қазандықтары да жөндеу көрді. Бүгінгі таңда "Жайық жылу қуат" акционерлік қоғамы қысқа дайын деп айта аламын.

Модернизация демекші, ескі-құсқыны жаңалау жұмыстары жылу магистральдарында да атқарылуда. Мәселен, қаламызда орналасқан №2 жылу магистралінде жұмыс толыққанды орындалыпты. Ал, №4,7,8 жылу магистральдарында әлі күнге дейін құбырларды алмастыру жұмыстары жүзеге асып жатыр. Әбілқайыр хан даңғылында орналасқан жылу магистралінде демонтаж жұмыстары толықтай аяқталса, ал монтаж жұмыстары 80 пайызға біткен. Сала мамандары тұрғын үйлерге ыстық су берілді,- дейді.

Сондай-ақ, облыс әкімі "Нұрлы жол" бағдарламасы арқылы жөнделіп жатқан су жеткізу желісінің құрылысымен танысты. Құбырлардың баршасы қазан айына дейін ауыстырылуы керек. Құбырдың жалпы ұзындығы 9400 метрдей, ал жобаның жалпы құны 965 млн теңгені құрайды. Мердігер компания өкілдері биылғы жылы ұзындығы 1500 метрге жуық қашықтықты жөндеп беруі керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.