Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнесті дамыту

c 17:30, 05/12/2019 c 518

0:00 / 0:00

Өткен аптада облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев бастаған өңірдің ірі кәсіпорын басшылары Түркия елінен арнайы келген «Cukurova Paper and Packaging Group» компаниялар тобының бас директоры Иса Доганлы мырзамен кездесті.  Түрік инвесторы біздің өңірден гофрокартон қағазынан қаптау материалдарын өндіру жобасын жүзеге асыруға ниетті. Екі жақты кездесу барысында жергілікті әкімдік тарапынан инвесторларды қолдауға барынша көмек көрсетілетіндігі айтылды.  -Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қараша айындағы Түркия еліне жұмыс сапары барысында Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мен сол елдегі қағаз қаптамаларын шығарумен айналысатын Чукорова компаниясы арасындағы екі жақты мемарандумға қол қойылған болатын. Облысқа келген соң біздің тарап оларға өңірдің әлеуеті туралы барлық қажетті ақпараттарды жіберген еді. Араға аз ғана уақыт салып сол инвесторларымыз бүгін Орал қаласына келіп отыр. Біздің өңірге жұмыс сапары барысында олар өздеріне серіктес болатын компанияларды аралап, олардың сұранысын анықтап, болашақта бірлесіп жұмыс жасау жағдайын қарастырмақшы. Өздеріне керекті нақты ақпараттарын жинаған соң біздерге инвестициялық жобасын ұсынады. Аталған компания бүгінгі басқосуда өздерінің бес жылдық жобаларымен таныстырды. Жоспар бойынша алғашында дайын қаптамаларды Түркия елінен жеткізбекші. Кейін біртіндеп қаптама жасауға қажетті гофракартонды осы жерден өндіруге ниетті. Айта кетейік, біздің өңірде ауыл шаруашылығы жақсы қарқынмен дамуда. Соңғы жылдары көптеген ет және ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындар мен көкөніс жылыжайлары салынуда. Бүгінгі таңда олар өз тауарларын экспортқа шығару үшін картон қаптамаларды өзге елдерден алдыруға мәжбүр болып отыр. Аталған жоба сәтті жүзеге асса жергілікті жерден өндірілген экспортталатын тауарлар сапалы қапталып, кәсіпорындардың өзіндік брендін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады. Сондықтан бұл жобаның да өңір экономикасына оң әсерін тигізеді деп санаймыз,-деді Мұхтар Манкеев. Аталған кәсіпорын біздің өңір аумағындағы әлеуетті тапсырыс берушілердің гофрокартон орамына деген қажеттілігін қамтамасыз етумен қатар, өнімді Еуропа елдері мен Ресей Федерациясына экспорттау жоспарланында бар.  -Мен Қазақстанға сегінші рет келуім. Түркияда Чукорова холдингінің қарамағында бес фабрика бар. Біздің компания барлық тауарларды қаптауға арналған горфракартондар өндірісімен айналысады. Бүгінге Қазақстанға гофратауарлар өндірісі мен сол бағыттағы жаңа технологиялар жетіспейді. Біздер алғашқы болып Ақмола облысыны қарасты Макинск қалаласымен келісім жүргіздік. Екінші таңдағанымыз осы Орал қаласы болып отыр. Себебі, бұл өңір Ресейдің бес бірдей облысымен шекаралас орналасқандықтан көлік логистикасы жақсы жолға қойылған. Алдағы бес жыл ішінде Қазақстанда гофракартон қаптамасын өндіру жобасына біздің компания 40 миллион доллар инвестиция салуға әзір,-деді компанияның бас директоры Иса Доганлы.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.