Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бизнестен қолыңды тарт

c 09:21, 07/12/2020 c 516

0:00 / 0:00

Қазақстанда бизнестің қызметіне заңсыз араласу, тексеру тәртібін бұзу, рейдерлік жағдайлары орын алуда. Ел кәсіпкерлерін қолдап, қорғау мәселесі бүгін Сенатта өткен парламенттік тыңдауда кеңінен талықланды. Кәсіпкерлік қызметке кедергі келтіргені үшін жауапкершілікке тартудың қылмыстық бабы іс жүзінде жұмыс істемей тұрғаны айтылды. Осы орайда депутаттар үікметке бизнестің қызметіне заңсыз араласу әрекеттеріне жауапкершілікті күшейтуді ұсынды. Жиынға сенат депутаттары, бизнес қауымдастығы және құзырлы орган басшылары қатысты.

Елде 1 миллион 300 мың шағын және орта бизнес өз кәсібін айналдырып отыр. Осылайша 3 миллион 200 мың адамды жұмыспен қамтуда. Алайда, шағын кәсіпкерлерге жасалатын әкімшілік кедергілер әлі де болса тыйылар емес. Кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу, тексеру тәртібін бұзу, рейдерлік жағдайлары орын алуда.  Өз кезегінде бизнеске қарсы жасалған заңсыз әрекеттері үшін  мемлекеттік қызметшілер жауапқа тартылмайды дейді, бизнес қауымдастығы.

Рустам Жүрсінов –қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілі -«Бизнеске ауқымды шығын келтіргені үшін мемлекеттік қызметшілер өздерінің қателіктеріне іс жүзінде ешқандай жауапкершілікті алмайды. Қылмыстық әрі әкімшілік ықпал ету шаралары өте сирек қолданылады. Әрине  кәсіпкерлік қызметке кедергі жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілік (365-бап) ескерілген. Алайда, тәжірибе жүзінде ол жұмыс істемей тұр. Соңғы 3 жылда 1 адам ғана сотталған».

Депутаттар бизнестің қызметіне заңсыз араласу әрекеттеріне жауапкершілік күшейтуді ұсынды.

Мәулен Әшімбаев –ҚР парламент сенатының төрағасы -«Бизнестің қызметіне заңсыз араласу, тексеру тәртібін бұзу, рейдерлік сияқты жағдайларға депутаттар заңды түрде жауапкершілікті күшейтуді қолдап отыр. Ел Президенті атап өткендей, кәсіпкерлік қызметке заңсыз кедергі келтіру мемлекетке қарсы өте ауыр қылмыс ретінде бағалауыны керек. Заңнамаға өзегріс енгізу керек. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің адалдығы презумпциясы" принципін енгізу қажет. Сенаторлар бұл бағыттағы жұмысқа дайын»

Сондай-ақ, кәсіпкерлікті тек қаржылау қолдау аздық етеді. Оны дамыту жолдарын қайта қарастыру қажет дейді сенаторлар.

Бизнестің проблемасы қаралған парламенттік тыңдау қортындысы бойынша, Қазақстанда кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласқаны үшін лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі күшейту ұсынылды. Ол үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс пен Қылмыстық кодекске бірқатар өзгеріс енгізіледі. Сондай-ақ, кәсіпкерлер үшін басты мәселенің бірі-жер  алу. Бұл орайда депутаттар бизнеске жер телімін қолжетімді ету тетіктерін қарайтын болып шешті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.