Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл шаһарымыздағы №19 мектепке күрделі жөндеу жасалады

c 18:08, 02/04/2018 c 3987

0:00 / 0:00

Бұл мақсатқа бюджеттен 210 млн. теңге қарастырылып отыр. Білім бөлімінің хабарлауынша, білім ордасы оқу жылынан соң мердігерлерге табысталады. Жоспар бойынша оқушылар қыркүйек айында алғашқы қоңырау салтанатын өз мектептерінде қарсы алуы тиіс.

№19 мектеп 1970 жылы бой көтерген. Сол уақыттан бері жыл сайын ағымдағы жөндеу мен қызметкерлердің лекерлеуімен осы күнге жетіп отыр. Қабырғалары жарылып, сиықсыз күйге түскен ғимарат бүгінде жөндеуге әбден зәру.

Мектепте 1375 оқушы білім алуда. Білім ордасы 4 қабатты, 31 кабинетті 1 типтік ғимарат пен қосымша 75 бүлдіршінді қабылдайтын мектепке дейінгі мекемеден тұрады.

Ал спорт залдың іші суық. Дене тәрбиесі мұғалімі мынандай жағдайда сабаққа қатысатын балалардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін алаңдайды.

Биыл қалада білім беру саласы нысандарын жөндеп, жаңа оқулықтар мен жаңа білім бағдарламаларын енгізуге 14 млрд. теңге бөлініп отыр.

-"№19-шы мектепті күрделі жөндеуге 210 млн. теңге бөлініп отыр. Бұдан өзге қаладағы 21, 25, 45 ші мектептер де жөнделуі тиіс. Бүгінде жобалық сметалық құжаттарын рәсімдеу жүріп жатыр",-дейді Орал қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Жанна Сахипкереева.

Облыста апатты мектептерді жою және заманауи деңгейде білім алуға жағдай қалыптастыру үшін атқарылар шаралар ауқымды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.