Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биыл 29 аула абаттандырылады

c 17:39, 23/05/2022 c 326

0:00 / 0:00

Оралда көп қабатты үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары басталды. 1 маусымға дейін ТКШ бөлімі мердігердің алдына 29 аула ойын алаңдарының 10-12-сіне резеңке жабын төсеу міндетін қойды. Мердігер қалған 17 алаңды күздің басына дейін жұмсақ жабынмен жабуы тиіс. Осы орайда қаладағы 4-ші шағынаудан 3-ші және 3/1 мекенжайының тұрғындары үйлерінің алдында жатқан бос аумаққа балалар ойын алаңы қажет деп арнамызға хабарласып, шығымдарын жеткізді. 1989 жылы пайдалануға берілген 9 қабаты бұл үйлердің ауласында ат шаптырым аумақ болса да, балалар ойын алаңы мүлде қарастырылмаған. Тек тұрғындар өз қаражаттарына осыдан бірер жыл бұрын құм төктіріп, балдырғандарды ойнатып жүр. Әкімдік өкілдері мен депутаттардың жыл сайынғы құр уәдесіне ашынған ағайын бүгін жиналып, уәждерін біз арқылы жеткізді.
Тұрғындар балалар ойын алаңынан бөлек көлік тұрағының жоқ екенін де тілге тиек етті. 9 қабатты әр үйге кіре берістегі көлік кептелісі мәселесі де шешімін табуы тиіс проблеманың бірі. Жазық даладай көрінетін бұл орынға балалар ойын алаңы, жаяу жүргіншілер жолы және кеңейтілген автокөлік тұрағын салуға мүмкіндік бар екенін айтқан қарапайым халық жергілікті биіліктен көмек сұрайды. Сондай-ақ, тұрғындар аула маңындағы кедергі келтірген теректерді кесу мәселесін көтеріп, арықтарды тазарту ісін шешу қажеттігін атап өтті.Орал қаласының ТКШ бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев биыл 29 ауланы абаттандыруға бюджеттен 1 млрд.400 млн. теңге бөлінгенін айтты. Бір ауланы абаттандыруға орташа есеппен 25 млн теңге жұмсалатын болса, ауланы шағын футбол алаңымен жабдықтау екі есе қымбатқа түсетін көрінеді. Ал 4 -ші шағынаудан 3-ші және 3/1 мекенжайындағы үйлердің аулаларын абаттандыру бойынша жобалық сметалық құжаттар дайын. Экспертизадан өткен. Тек қаражат көзін табу мәселесін шешу қажет. Нақты жұмыстар алдағы жылы басталатын көрінеді.2020 жылдың соңында Орал әкімдігі арнайы uralsksmartpab.kz сайтын әзірледі. Онда қала аулаларын абаттандыру бөлімі құрылған. Бұл бөлімде қала тұрғындарына «Бюджетке қатысу» жобасы аясында өздерінің үй маңындағы аумақтарын абаттандыруға өз өтінімдерін ұсынды. Өткен жылы барлық 29 аулада мердігерлер үй маңындағы аумақты жарықтандыру жұмыстарын аяқтады. Барлық жерде балалар алаңдарын орнатты, тұрғындардың өтінімдері бойынша аулаға турниктер мен тренажерлер қойылды. Құрылысшылар 21 аулаға асфальт төседі. Ауа райы жылынысымен мердігерлер аяқталмаған жұмыстарды қайта бастады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.