Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бірлескен рейд шарасы өтті

c 16:54, 14/01/2021 c 666

0:00 / 0:00

БҚО-да 2020-2021 жылыту маусымында тұрғын үй секторында 136 өрт тіркелген. Жер үйлерде қызыл жалынның тұтануына жылыту пештері мен қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы себеп,- дейді төтеншеліктер. Облыс орталығында тілсіз жауды болдырмау үшін төтенше жағдай департаменті мен "ҚАЗТРАНСГАЗАЙМАҚТЫҢ" мамандары бірлескен рейд шарасын ұйымдастырды.

Тұрғын үй секторында тілсіз жауды болдырмас үшін Орал қаласында арнайы рейд шарасы өтті. Сала мамандары облыс орталығындағы үй-үйді аралап, жылыту пештерін тексеріп, өртті болдырмас үшін арнайы жаднама таратты.

Сала мамандары жылыту маусымында жиі тіркелетін олқылықтарды тізіп шықты. Көбіне көп тұрғындар жылыту пештерінің даярлығын тексерместен қосып, пешті тазаламай пайдаланады,- дейді мамандар.

Төтеншеліктер берген ақпарға сүйенсек, биыл жылыту маусымда облыс аумағында тұрғын үй секторында 136 өрт оқиғасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға кем. Бірақ тілсіз жаудың кесірінен 6 адам қайтыс болып, 5 азамат түрлі дене жарақатын алған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.