Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бір айдан аса уақыт газсыз отыр

c 16:32, 07/04/2022 c 442

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы Құрманғазы 165 мекенжайының тұрғындары бірінші наурыздан бері газсыз отыр. 9 қабатты жатахана тұрғындары барлық қарызды өтегендерімен көгілдір отын көзіне әлі қосылмаған.Тұрғындардың сөзіне сенер болсақ, бірінші наурызда өшірілген газ әлі күнге дейін қосылмай отыр. Барлығы 235 пәтерде 500-ге жуық адам тұрады. Жатаханада қазіргі уақытта газдың орнына электр жарығы пайдаланылуда.Құжатта көрсетілгендей жатахана тұрғындарының қарызы 1 наурызда 150 мың теңгеге жуықтаған. Үй 1974-ші жылы пайдалануға берілген. «РЦКУ - Уральск» ЖШС-ның қызметкерлері коммуналдық шығындардың толықтай өтелгенін мәлімдеді. Аталмыш баспана мамыр айынан бастап тұрғын үйді басқарудың жаңа жүйесіне қосылатын болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.