Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Биліктен көмек сұрады

c 15:58, 05/12/2018 c 515

0:00 / 0:00

Орал қаласы, Еуразия көшесіндегі 55-ші үйдің қабырғасы сөгіліп, кірпіштері үгітілуде. Осыған орай тұрғындар атқарушы биліктен көмек сұрады. Өтініш ізімен мамандар аталған баспанада болып, пәтерлердің жай-күйі назарға алынды. Облыс орталығының Еуразия 55 мекенжайындағы бұл көп пәтерлі үйдің қабырғасы жабылып тұр.  Аталмыш баспана өткен ғасырдың 80-ші жылдары салынса, қабырға жарықтары  7-8 жыл бұрын пайда болыпты. Содан бері ырсиған жарық қабырға бойлай тоғызыншы қабатқа дейін жетіпті.

Мария Громова, қала тұрғыны: - Қорқынышты, қабырғасы жарылып кеткен. Қанша жөндеу жасасақ та қолымыздан ештеңе келер емес. Сол ебепті билік өкілдерінен көмек сұраймыз.

Аталған үйде  108 пәтер бар. Сала мамандары тұрғындарға төніп тұрған қауіп әзірге жоқ дейді. Пәтер иелерінің дабылынан соң жауапты сала мамандары өлшем белгілерін қойды. Ал пайда болған жарықтардың неден пайда болғаны  белгісіз.Бұған қоса үйдің техникалық жағдайы да жауапты сала мамандарының тексерісі арқылы сараланып, нақты баға береді. Одан кейін ғана аталған пәтерге қатысты тиісті шешім қабылданбақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.