Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Берсең балаға бер

c 17:43, 01/03/2019 c 1564

0:00 / 0:00

1 наурыз - Алғыс айту мерекесінде Батыс Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономкалық сотының судьялары облыстық мамандандырылған «Мейірім» бөбектер үйінде болды. Балғындарға сый-сыяпаттарын тарту етіп, дәрігерлер мен тәрбиешілерге алғыстарын жаудырды.ҚР Қазақстан Судьялар Одағы Батыс Қазақстан облысы филиалы балалар үйлеріне әр кез қол ұшын созып, мерекелерде бүлдіршіндердің шаттыққа бөленуіне ықпал етіп келеді. Көктемнің алғашқы күнімен қатар келген Алғыс айту күнінде де судьялар балғындардың ортасынан табылды.  Облыстық денсаулық сақтау басқармасына қарасты бөбектер үйінде 4 жасқа дейінгі сәбилер тәрбиеленеді. Бас дәрігер Асқар Табылдиевтің айтуынша, мұндағы сәбилердің саны жылдан жылға азайып келеді. Мәселен, 1990, 2000 жылдардың басында қалада әрқайсысында 120 сәбиден екі бөбектер үйі болған болса, қазір бір ғана бөбектер үйі бар. Әрі бұл үйде де орындар қысқартылған. «Берсең балаға бер демекші» өздеріне бөлінген көңіл үшін қаракөздер жанарынан үміттің ұшқынын байқадық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.