Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бектенов өңір басшысының орынбасарын жазалауды тапсырды

c 13:09, 08/10 c 1

Абай облысында жылу желілерін жылыту маусымына дайындау жұмыстарының кешеуілдегені анықталды. Премьер-министр Олжас Бектенов жылу желілерін тиісті деңгейде үйлестіре алмағаны және Семей қаласындағы жылу желілерін дайындау жұмыстарын уақытылы аяқтамағаны үшін облыс әкімінің осы бағытқа жауапты орынбасарын тәртіптік жауапкершілікке тартуды тапсырды. Сондай-ақ Премьер-министр өңір әкімдеріне жылыту маусымының өту барысы бойынша аймақтық штабтардың жұмысын қайта жандандырып, энергия көздерінің дайындығын тұрақты түрде тексеруді тапсырды.«Барлық жоспарлы көрсеткіштерді сақтау және отынның нормативтік қорын қамтамасыз ету қажет. Резервтік жабдықтардың дайындығына да мән берген жөн. Сондай-ақ халыққа көмірдің тұрақты бағамен жеткізілуін тұрақты бақылауда ұстау керек», – деді Премьер-министр. Еске салайық, бұған дейін Бектенов коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстарының кешеуілдеуіне байланысты Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиевті қатаң сынға алған болатын. Премьер-министр бұған дейін қысқа дайындық жұмыстарының сәтсіз аяқталуына жол берген басшыларды жазалайтынын да ескерткен. Ол жылыту маусымына дайындық кезінде нысандарды жөндеу жұмыстарын созбалаңға салған немесе олардың уақытылы аяқталуына кедергі келтірген басшылардың жауапкершілігін қарауды тапсырған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.