Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"Бекіре" акциясы жалғасуда

c 17:19, 25/05/2022 c 1007

0:00 / 0:00

1-мамырдан бастап Қазақстан Республикасының су айдындарында браконьерліктің жолын кесу үшін "Бекіре" акциясы өтуде. Қазіргі таңда мамандар өзендер мен көлдерде балық аулауға арналған аулар мен өзге де құрылғыларды анықтап, тәркілеп жатыр.

Сала мамандары күн сайын облыстағы барлық су айдындарында балық аулауға арналған және өзге құрылғыларды анықтау үшін рейд жұмыстарын ұйымдастырады. Осы жолы да браконьерлердің ауын тапты. Осындай аулардың кесірі балықтың уылдырық шашуы мен көбеюіне кедергі келтіреді. Қолданыстағы заңнама бойынша ау құрып, балық аулауға тыйым салынған.

Сала мамандары су айдындарынан бөлек, жағалау маңындағы тазалықты да күзетіп әлек. Сәуір мен мамыр айында өзен-көлдің жанында сенбілік ұйымдастырыпты. Мамандар күні бүгінге дейін 38 тонна қоқыс жиналғанын айтады.

Жағалау мен су айдындардағы тазалықты түгендеп болсақ, балық аулау мерзіміне ауысайық. Биылғы өзгерістерге сәйкес Жайық өзенінде 15-мамырдан бастап 15- маусымға дейін балық аулауға тыйым салынды. Ал өзге өзен-көлдерде шектеу мерзімі 31-мамырға дейін сақталып отыр.

Сурет https://www.inform.kz/ сайтынан жүктелді

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.