Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бейнебақылау құрылғысының көмегімен 29 қылмыс ашылған

c 15:21, 30/04/2020 c 810

Оралда көшеде орнатылған бейнебақылау құрылғыларының арқасында 29 қылмыс ашылған. Анықталған фактілердің ішінде тонау, бұзақылық, ұрлық сынды құқық бұзушылықтар тіркеліпті. Сала мамандары 2020 жылдың қаңтары мен сәуірінде 4200-ден астам әкімшілік құқық бұзушылықтың тіркелгенін айтады. Тәртіп сақшылары қазіргі төтенше жағдай уақытында карантин талаптарын бұзған адамдарды анықтаған. Қазіргі таңда жедел басқару орталығымен біріктірілген 97 сыртқы бейнебақылау құрылғысы орнатылған. Олардың қырық төрті көше қиылысында, 17-сі қоғамдық орында, 20-сы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының әкімшілік ғимараттарында, 6 бейнебақылау құрылғысы қалаға кіре берісте және 4 камера ғибадат орталықтарында орналасқан. Және «Қауіпсіз аула» бағдарлама бойынша 346 дана камера орнатылған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.