Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Баспана-басты мәселе

c 17:59, 20/09/2019 c 831

0:00 / 0:00

Биыл республика бойынша жалға берілетін тұрғын үйдің құрылысына 32,8 миллиард теңге қарастырылған. Осы ақшаға 6 мыңнан астам пәтер салу немесе дайын баспананы сатып алу жоспары бар. Айтпақшы жалдамалы баспана жекеменшікке берілмейді, жалға алу құқығымен ғана таратылады. Бұл жайында бүгін үкіметте өткен баспасөз маслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Қайырбек Өскенбаев  мәлімдеді.

Үкімет жалдамалы пәтер салуға  32,8 миллиард теңге бөліп отыр. Осы ақшаға 6 мыңнан астам пәтер салу немесе дайын баспананы сатып алу жоспарланған. Қазірдің өзінде 3 мыңға жуық жалдамалы баспана берілген. Жыл соңына дейін осы санаттағы пәтерлердің санын 8 мыңға жеткіземіз деп отыр индустрия министрлігі өкілдері. Бұл пәтерлер табысы төмен көпбалалы отбасылар, әлеуметтік жағынан осал топтар және жұмыс істейтін жастарға беріледі. Вице-министр Қайырбек Өскенбаев жыл сайын орташа есеппен 6 мың жалдамалы пәтер салынса, 2025 жылға дейін осы санаттағы 40 мың баспананы таратуға болады. Осылайша, әкімдік кезегінде тұрған барлық көпбалалы отбасын тұрғын үймен қамтамыз етуге мүмкіндік бар.Ал алаңға шығып, баспана беруді талап етіп жүрген көпбалалы аналарға қатысты, вице-министр бұл мәселе алдағы үш жылда жабылады деп үміттендіреді. Егер көпбалалы отбасылар  "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша үй ала алмаса, жалға берілетін баспанамен шешуге тура келеді деп отыр.

Ал «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында бүгінде 5 мың өтініш кеп түскен

Ел жастары күтіп отырған жалдамалы пәтер мәселесіне келсек,  Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында жыл сайын 3 мың жалдамалы пәтер таратылады. Сөйтіп, биылдан бастап жұмыс істейін жастарға әрбір қалада 1 000 пәтер беріледі. Айта кету керек, жастар күткен жалдамалы пәтерлер сатып алу құқығынсыз беріледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.