Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Балалар жарақаты

c 18:17, 02/08/2019 c 1515

0:00 / 0:00

Балалар арасындағы жарақат азаймай тұр. Бір тәуліктің ішінде 120-ға жуық бүлдіршін дәрігердің көмегіне жүгінеді. Сала мамандарды сәбилердің жарақатын жас ерекшелігіне байланысты бірнеше топқа бөліп, сараптап отыр. Жаңа туған және енді тәй-тәй басқан бүлдіршіндер арасында күйік шалу мен түрлі зиянды қоспаларды ішіп қою секілді жарақаттар көш бастап тұр.

Биылғы жылдың алты айында 1300-ден астам бала дене жарақатын алып, ауруханада ем-дом қабылдаған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артқан. Сала мамандары бүлдіршіндердің арасында биіктіктен құлау, күйік шалу мен аяқ-қолын сындырып алу сынды жарақаттардың саны азаяр емес,- дейді. Кішкентай сәбилердің арасында күйік шалу мен улы зиянды сұйықтықтарды ішіп қою көптеп кездеседі. Ал, мектеп мен балабақша жасындағы балалардың арасында биіктіктен құлау мен аяқ-қолын сындырып, бұлшық еттерін созып алу сынды деректер тіркеліп отыр.

Жаз мезгілінде балалардың арасында жарақаттың көптеп орын алуына дұрыс ұйымдастырылмаған демалыс та себеп болып отыр. Дәрігерлер дене жарақатын алған бүлдіршіндерді ата-анасы назардан тыс қалдырып, өз еркімен ойнауға жібереді. Ал, оның соңы өкінішке орай ауруханада ұзақ ем қабылдаумен аяқталады.

Дәрігерлер бала кезде алған жарақат оңайлықпен емделмейтіндігін айтады. Кішкентай организмнің дамып жетілуі үшін біраз уақыт керек. Сәбилердің бақытты балалық шағы болып, бүлдіршіннің дені сау болып жетілуі үшін ата-ана өз парызын айта қатесіз орындап, жауапкершілікті сезінсе игі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.