Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала сүю қанша тұрады?

c 18:10, 10/01/2020 c 714

0:00 / 0:00

Бала сүю әр әйелдің арманы.Өз жанының бөлшегін қолына алып, мейірлене искеудің өзі әйел үшін зор бақыт. Алайда, осы бақытты сезіне алмай, жандары қиналып жүрген отбасылар бар. Бір балаға зар болып жүрген отбасылар үшін тығырықтан шығудың жолы бала асырап алу немесе жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгіну. Бала асырап алуға кез - келгеннің дәті даулай бермейді.Әр ата -ана өз қанынан бала болғаның қалайды.Сондықтан да бүгінде жасанды ұрықтандыру қызметіне жүгінетіндер саны артқан.Мәселен, қазір перинаталды орталықта 300 жұп эко бойынша квоталарын күтіп отыр.300 отбасы , аз дей алмаймыз.Ал, былтыр 32 жұпқа жасанды ұрықтандыру жасалған.Медицина тілінде эко аталып жүрген осы бір қызмет қанша тұрады.Бала сүю, ана бақытын сезіну құны қаншаға бағаланар екен.

Ерлер мен әйел адамдар арасындағы бедеулік мәселесі күн тәртібінен түспейтін сауал. Облыстық перинаталды орталық мамандары өткен жылдың басында ерлер арасында белсіздік артқандығын айтады. Дәрігерлер жұптардың бала сүйе алмауына азаматтардың өмір сүру салты өз әсерін тигізеді деп отыр.

Ата-ана бақытын сезіне алмай жүрген жандар бала асырап немесе жасанды жолмен ұрықтандырудың көмегіне жүгінеді. Өткен жылы облыстық перинаталды орталықтың мамандары 32 жұпқа квота арқылы эко жасатқанын айтады. Бүгінгі таңда бала сүю үшін 300 жұп орталықтың кезегінде тұр. Сала мамандары өз қалтасынан эко жасататын жұптар бар, бірақ аз деп отыр.

Жақында іске қосылған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруда эко жүйесі қарастырылған.

Сала мамандары бала сүйіп, ұрпақ өрбіту үшін денсаулыққа назар аударып, уақытылы тексерістерден өтіп, спортпен шұғылданып керектігін еске салады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.