Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Бала - болашағымыз!

c 17:03, 31/05/2018 c 832

0:00 / 0:00

Зашаған кентінің бүлдіршіндері спортта шынықты. Мұрат Мөңкеұлы көшесінде тұратын балалар арасында футбол турнирі ұйымдастырылды. «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының қолдауымен ұйымдастырылған спорттық шарада 9 команда бақ сынасқан болатын. Зашағандағы Болашақ шағынауданында жаңадан салынған көпбейінді спорт алаңқайына жиналған балалардың көңіл-күйі шат-шадыман. 14 жасқа дейінгі балалардан құрылған 9 команда үздіктердің үздігі атануға бақ сынаспақ.
«Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясының қолдауымен ұйымдастырылған турнирде балалар топ топқа бөлініп жарысуда. Даңқты футболшы болуды армандайтын бүлдіршіндер осындай спорттық шаралардың ұйымдастырылғанына дән риза. Футбол жарысы екі күнге созылып, турнир қорытындысында үздік команда анықталмақ.

Автор:
Оператор: Ербол Аманшин

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.