Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

"БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ" ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

c 18:19, 22/07/2019 c 1752

0:00 / 0:00

Оралдық 170 жанұя “бақытты отбасы" бағдарламасына қатысу үшін жолдамаға ие болады. Бұл туралы қалалық әкімдәкте өткен жиында белгілі болды. Аталмыш бағдарлама пәтер кезегінде тұрған азаматтардың үш категориясына арналған. Яғни, көпбалалы отр, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жанұялар мен толық емес отбасылар 20 жылға дейін баспананы несиеге рәсімдей алатын мүмкіндікке ие болып отыр.

Еліміздің аумағында "Бақытты отбасы" бағдарламасы өз жұмысын бастады. Бұл бағдарлама көп балалы, мүгедек баланы тәрбиелеп отырған жанұя мен толық емес отбасыларға арналған. Яғни, пәтер кезегінде жылдап тұрған жанұялар арман болған пәтерлерін несиеге рәсімдей алады. Несиенің көрсеткіші 2 пайызды құрап отыр. Көптен күткен баспанаға қол жеткізу үшін тұрғын үй коммуналды шаруашылығына келіп, тиісті жолдама алып, оны банкке тапсыру шарт.

Жалпы облыс бойынша "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысу үшін 216 адамға жолдама берілді. Оның 170-сі оралдықтарға тиесілі. Яғни, көпбалалы аналар санатындағы отбасылар үшін 80 орын, көпбалалы 45 ал, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жандар үшін 45 жолдама беріліп отыр. Бағдарламаның шарты бойынша олардың баршасы пәтер кезегінде тұруы керек.

Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 13 категория бойынша 19500-ден астам азамат пәтер кезегінде тұр. Биыл аталмыш санаттағы жандар үшін 216 пәтерлік тұрғын үйдің кілтті табыс етіледі деп жоспарлануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.