Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Автобус жүргізушілері жолдағы шұңқырларды бітеуге кірісті

c 18:10, 21/06/2022 c 1175

0:00 / 0:00

Шұрық-тесік жолдардан мезі болған Оралдық жүргізушілер шұңқырларды өздері бітеуге кірісті. №39 қоғамдық көліктің жүргізушілері екінші база маңындағы темір жол өткелі мен Ульяна Громова көшесінің тас жолына шағымданып отыр. Күні кеше ғана жаңа автобусты тізгіндеген жүргізушілер жолдың кесірінен бұзылған маршруттарды өз қаржымызға жөндейміз деп налиды.

Оралда жолдағы шұңқыр мен көліктерін жөндеуден шаршаған автобустың жүргізушілері осындай амалға көшті. Қоғамдық көлікті тізгіндеген азаматтар өзімен бірге асфальтың қалдықтарын ала жүріп, шұңқырларды бітейді. Жүргізушілер жаңа автобусқа отырғанымызға екі айдай уақыт болды. Алайда сапасыз жолдың кесірінен жаңа техника тез бұзылады. Сынған маршрутты өз қаржымызбен жөндейміз,- дейді.

№39 автобустың жүргізушілері ешқашан күрделі жөндеу көрмеген Ульяна Громова көшесін сынға алып отыр. Жүргізушілер шағымынан соң жолдағы шұңқырларды топырақ пен асфальтың қалдықтармен бітіген. Алайда жауын-шашыннан соң тастар ұшып, темір тұлпарларға залал келтіруде. Қаланың коммуналдық шаруашылығының мамандары биыл Громова көшесінің жолы жөнделеді деп сүйіншіледі. Бұл үшін қазынадан 270 млн теңгедей қаражат та бөлінген.

Ал, қоғамдық көліктің жүргізушілері асфальттың қалдықтарын төгіп, шұңқырларды бітемек болған екінші база маңындағы темір жолдың жағдайына алаң. Сала мамандары бұл темір жол өткелі бұрын жеке компанияға тиесілі болғанын айтады. Алайда жекеменшік компанияның бар мүлкі мемлекетке өткен. Қазір осы темір жол өткелі мемлекетке тиесілі екен. Алайда мемлекет меншігіне өткен өткелдің тағдыры әлі де бәймәлім. Оның қашан жөнделері де белгісіз.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.