Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Асыл тұқымды мал шаруашылығы дамыған

c 17:31, 06/12/2018 c 690

Батысқазақстандық шаруалар жаңартылған «Сыбаға» бағдарламасының көмегімен етті мал сатып алуға көшті,Солардың бірі Тасқала ауданындағы «Арғымақ» шаруа қожалығы қолжетімді несиеге Ресейдің Тамбов облысынан симментал тұқымды 60 бас әкелді. Айта кету керек, республика бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» «Сыбаға» бағдарламасымен 15 млрд теңгеге 636 шаруашылықты қаржыландырды. Бұл несие қаражатына 24 мың ірі қара мен 70 мың уақ мүйізді мал сатып алынбақ. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» биыл шаруашылықтарды қолдауға бағытталған «Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыруды бастады. Несиелер ет бағытындағы мал басын сатып алуға беріледі. Бұл келешекте табынның өнімділігі мен отандық етті шетелге экспорттау көлемін арттыруға септігін тигізбек.

АСҚАР ЛИКЕРОВ

 «АРҒЫМАҚ» ШҚ БАСШЫСЫ: - Біз «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 70 млн теңге несие алдық. Шарттары біз үшін өте тиімді – пайызы төмен, мерзімі ұзақ. 1800 гектар жайылымдық жеріміз, мал ұстауға арналған орындарымыз бар. Оның бірінде жақында әкелінген асыл тұқымды мал тұрады. Бұқаларды келешекте «Қамқор» ШҚ-ның бордақылау алаңдарына тапсырамыз.

Айта кету керек, етті мал шетелден сатып алынса, мемлекет оның әр басына 225 мың теңге субсидия төлейді. Жаңа туған бұзаудың салмағы 30 келіге жуқтаса, 1 жарым жастағы бұқашықтардың салмағы 400 келіге дейін барады.

НҰРБОЛ ЖҰМАҒАЛИЕВ, «АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ ҚОРЫ» АҚ ОФ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: -  «Сыбаға» бағдарламасы мал басының өсуі мен ірі қара еті экспортының көлемін арттыруға бағытталған. Ол шетелден ірі қара малдың аналығын әкелуді және еліміздегі ұсақ мүйізді мал басын сатып алуды қарастырады. Ет бағытындағы сиырлардан алған жас мал бордақылау алаңдары мен ірі зауыттарға тапсырылып, әрі қарай тауарлы өнім ретінде шетелдерге жіберіледі.

Бағдарлама шарты бойынша несие 4 пайыздық жеңілдікпен 15 жылға беріледі. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан филиалы арқылы 70 шаруашылық қаржыландырылған. Бұл қожалықтар шетелден 2 мың басқа тарта етті бағыттағы ірі қара мал мен жергілікті кәсіпорындардан 10 мың қой сатып алатын болды.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.