Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Арыстық оқушылардың демалыстары жалғасуда

c 13:22, 17/07/2019 c 738

0:00 / 0:00

Арыстық бүлдіршіндер "Достық үйінде" қонақта болды. Экскурсия барысында кішкентай меймандар қазақ жерін мекен еткен түрлі ұлт өкілдерінің тұрмыс-салт, дәстүрлері туралы мәліметтерге қанықты. Еске сала кетейік, еліміздің оңтүстігінде орын алған жағдайдан соң 50 бала жазғы демалыстарын Орал қаласында өткізіп жатыр.

Маусым айындағы Арыс қаласындағы апат күллі қазақ елінің қабырғасын қайыстырғаны рас. Аяқасты орын алған қайғылы жағдайда күллі қазақ елі Арыстықтарға қолұшын созды. Қазіргі күнде оңтүстіктегі шаһарды қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Одан, біздің облыс та шет қалған жоқ. Елдің ересектері осы іске біркісідей жұмылса, Арыстың кішкентай тұрғындары үшін әр өңірлерде жазғы демалыстар ұйымдастырылды. Осы мақсаттағы жоспарлы жұмыстарға сай Ақжайық өлкесіне 50 бала келген болатын. Олар шаһарымыздың көрікті жерлерін аралап, түрлі саяхаттар жасап, Оралдың тарихы мен облыс көлемінде өмір сүретін түрлі этно мәдени бірлестіктердің әдет -ғұрыпымен танысты.

Жайық жерінде жазғы демалыстарын өткізіп жатырған бүлдіршіндердің жүздері жарқын. Олардың басым бөлігі біздің өңірге алғаш рет келгендер. Олар Оралдан алған әсерлерімен бөлісті.

Қазіргі таңда Арыстық бүлдіршіндер "Дарын" лагерінде демалуда. Күнделікті демалыспен қатар оларға бас шаһардың көрікті жерлерін аралау, әсем табиғатымен таныстыру да қарастырылған. Олардың Жайық жеріндегі жазғы демалыстары шілденің 21-не дейін жоспарланған. Содан соң олар өздерінің туған қаласына оралатын болады.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.