Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ардагерге құрмет көрсетті

c 17:45, 08/05/2019 c 948

0:00 / 0:00

Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясы БҚО филиалының қызметкерлері 9-мамыр Ұлы Жеңіс күні қарсаңында Орал қаласында тұратын Джамалетден Искаков секілді бірқатар ардагерлерді үйлеріне барып, Ұлы Жеңістің 74 жылдығына орай құттықтап, гүл шоқтарын және заттай сыйлықтар табыстады. Джамалетден арадегер Жәнібек ауданының тумасы. 1941 жылы ел іргесіне қауіп төнгенде соғыстың ең қауіпті тылдарының бірі - Сталинград түбіндегі майданға аттанады. Соғыстан аман-есен елге оралған жігіт ағасы саяси жұмыстарға белсене ат салысады. Өзіне құрмет көрсетіп арнайы құттықтай келген Ақжолдықтарға сондай-ақ, қалалық мәслихаттың депутаты Әлібек Әлімжанұлы бастаған топқа ардагер алғысын жаудырып жұмыстарына сәттілік тіледі. Ақжолдықтар бұл күні бірнеше ҰОС қатысушыларының табалдырығынан аттап, ардагерлердің ақ батасына кенелді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.