0:00 / 0:00
Қаламызда апатты деп танылған және тозығы жеткен үйлердің бар екені рас. Соның бірі Жәңгір хан көшесінде орналасқан №15 үй. Адам тұрғысыз жағдайдағы жатақхананың тұрғындары арнамызға хабарласып көмек сұрады. Айтуларынша, бір күні тозығы жеткен үйдің астында қаламызба деп қорқады. Тұрғындар жан-айқайын тілшіміз тыңдап, көріп келді.










