Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әнші Pupo тілшілердің сұрағына жауап берді

c 17:53, 16/06/2022 c 955

0:00 / 0:00

Әлемге әйгілі әртіс Пупо баспасөз мәслихатын өткізді. Италияндық әнші Ақжайық өңіріне алғаш рет табан тіреді. Ол қазақ халқының қонақжайлылығы үшін алғыс білдіріп, ризашылығын жеткізді. 80 жылдардың жұлдызы "Атамекен" өнер ордасында маусымның 16,17 күндері концерт береді. Әлем эстрадасының көрнекті өкілінің шығармашылық кеші кешкі сағат 20:00 де басталады. Әнші, композитор, дарын иесі Пупоның концертінен қапы қалмаңыздар.

Жалындаған жастық шағы 80- жылдары өткен жандар бұл әннің орындаушысын жаңылмай таниды. Итальяндық әнші Pupoның тыңдармандары оның әрбір әнін жатқа біледі. Әлемге танымал өнер иесі Ақжайық өлкесіне табан тіреп, Орал қаласында концерт бермек. Өнер иесі оралдықтардың қонақжайлығына дән риза.

Пупо ән кешінен бұрын тілшілермен жолықты. Танымал әнші өнерге жастайынан құштар болған. Ол жиырмаға толған шағында әйгілі кәсіби әншіге айналады. Содан бері өнер иесі түрлі туындылар жазып, көптің жадында мәңгі сақталған әндерді шырқады. Ол тіпті классикалық музыканы да байқап көріпті. Алайда Пупо өзінің ғұмырын поп музыкасына арнады.

Орал қаласында әлемге танымал өнер иесі алғаш рет өнер көрсетеді. Жер жаһанға танымал тұлғаның концерті "Атамекен" өнер ордасында өтпек. Маусымның 16, 17 жылдызында Ақжайықтық өнер сүйер қауым итальяндық музыканы тыңдай алатын мүмкіндікке ие. Концерт кешкі сағат 20:00-де болады. Әнші Пупо барлық тыңдармандарын асыға күтеді. Итальяндық музыка кешінен қапы қалмаңыздар.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.