Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ән байқауы басталды

c 17:32, 16/07/2019 c 1231

0:00 / 0:00

Ескендір ағамыздың әндерін сағындыңыз ба? Орал қаласында бастау алған дәстүрлі "Атамекен" ән фестивалінде өнер сүйер көрерменге тамаша әндерге құлақ құрышын қандыруларына болады. Халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, композитор Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындаушылар екі күн бойы өзара жезтаңдайларды анықтайтын болады.

Облыс орталығында дәстүрге айналып үлгерген, жерлесіміз Ескендір Хасанғалиевтың "Атамекен" атты ән фестивалі басталды. Бұл жолғы мәдени шара 30 жас өнерпаздың басын қосты. Ескендір Хасанғалиевтің әндерін орындап, байқауда бақтарын сынаушылар еліміздің әр өңірлерінен келгендер. Ал, бір үміткер осы сынға арнайылап көршілес Өзбекстанның жас таланты. Биылғы байқаудың ерекшелігі көп жылдан бері фестивальда ұмыт болған екі жанр байқауға қайта қосылыпты.

Ескендір Хасанғалиевтің есімін қалың қазақ біледі. Дәл осылай десек артық айтқанымыз болмас. Себебі, еңкейген кәріден, еңбектеген сәбиге дейін оның шығармашылығымен жақсы таныс. Оның туындыларын шырқамайтын жан жоқ. Ал, сазгердің көпшіліктің сүйіктісіне айналған "Атамекен" әні бірнеше ұрпақтың төл туындысына айналғана білді. Келер жылы аталмыш әннің жарыққа шыққанына жарты ғасыр толмақ.

Халықаралық ән фестивалінің шымылдығын алғаш болып, қызылордалық Сабыржан Көлбаев ашты. Сыр елінен келген әнші эстрада жанры бойынша өз кезегінде сазгердің "Асыл арман" атты туысын сахна төріне шығарды.

Ескендір Хасанғалиевтың шығармашылығына арналған ән фестивалі Оралда екі күн әуелейтін болады. Ал, өзгелерден өнерімен оза шапқандардың есімдері ертең белгілі болады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.