Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

АЛМАТЫДА 61 ЖАСТАҒЫ ЕР АДАМНЫҢ ӨЛІМІНЕ ҚАТЫСТЫ ТЕРГЕУ ЖҮРІП ЖАТЫР

c 15:19, 13/10 c 1

0:00 / 0:00

Алматыда 61 жастағы ер адамды өлтірді және марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін деген күдікпен төрт адам ұсталды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 61 жастағы қала тұрғынының өліміне қатысты төрт күдікті қолға түскен. «Тергеу барысында қылмыстың мән-жайы анықталып, күдіктілердің жеке басы белгілі болды. Сондай-ақ олардың марқұмның пәтерін заңсыз иемденуге қатысы болуы мүмкін екені анықталды», - делінген полиция хабарламасында. Қазіргі уақытта төрт күдіктінің барлығы уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Істі Ішкі істер министрлігі құрған арнайы тергеу-жедел тобы тергеп жатыр. Оның құрамына тәжірибелі қызметкерлер тартылған. Тергеу барысы министрліктің ерекше бақылауында.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.