Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алқабилерге сұраныс аз

c 17:57, 01/03/2018 c 762

0:00 / 0:00

Облыста алқабилердің қарауымен өтетін сот істері күрт азайған. Үш жыл бұрын сұранысқа ие болып тұрған бұл қызметке бүгінде сотталғандар құлық танытпай отыр. Бұған сот төрағалары алаңдаушылық білдіретіндерін жасырмайды. Сотталғандар неліктен алқабилердің төрағалығына жүгінбейді? 2007 жылдан 2013 жылға дейін барлық ауыр қылмыстар бойынша сот отырыстары алқабилердің қатысуынсыз өтпеген. Биыл қылмыстық-процессуалдық кодекске өзгеріс енгізіліп, алқабилер өмір бойы бас бостандығынан айыру мен өлім жазасына кесілетін істерге қатыса алады. Ал сот отырыстарында көп кездесетін есірткіні заңсыз тасымалдағаны үшін жазаланатын 259-бап бұл тізімнен алынып тасталған.

ҚАЙРАТ ЧАЛКАРОВ, судья
2014 жылға дейін алқабилер қатысқан сот істері өте көп болатын. Алайда 2015 жылы мұндай бір де бір іс тіркелген жоқ. 2016 жылы бұндай бір істің, ал былтыр 3 істің болуы мәселе жойылды дегенді білдірмейді.

Дөңгелек үстел барысында мәлім болғандай, алқабилердің қатысуымен болатын істер көбіне сотталушы тарапының жазасын жеңілдетуге сеп болады екен. Алайда неге жаза басқандар олардың қызметін пайдалануға сұраныс танытпайды? Бұл сауалды адвокаттар қауымы арнайы зерттеген.

Алима Құсайынова, адвокат
Олар шектеулерден қорқады. Мәселен жоғарғы соттағы шағымдану құқығы. Ол жерде шектеу бар. Бұл алаңдаушылық тудырып отыр, себебі әрбірі жоғарғы сотқа дейін барғысы келеді. Екіншіден, адвокаттардың алқабилер жөніндегі сұранысы кезіндегі шектеу. Мәселен, ақтау туралы үкім шықса, прокурорлар бірден келіспеушілігін білдіріп, алқаби мүшелері туралы мәлімет іздей бастайды. Олардың біреуінің болсын туысы қылмыстық не әкімшілік жауапкершілікке тартылған болса, шешім кері қайтарылады. Ақталып шыққандар үйлеріне барып қуанып жатқанда, осындай жағдайлардың салдарынан қайта түрмеге тоғытылғылары келмейді.

Десе де, шара соңында алқабилер мәселесін бір жолға қойып, алқабилер институтын жандандыру туралы бірқатар жоспар құрылды.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.