Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алимент қарыз емес, парыз!

c 17:31, 24/09/2020 c 485

Сот орындаушылары алимент төлемей жүрген 8,5 мың адамның құжатын жинақтаған. Бауыр еті баласына сот бекіткен соманы төлемей жүрген ата-ана көп. Сот орындаушылары қазіргі таңда олардың 470 қасақана берешекті төлемей жүргендер дейді. Тіпті 96 азаматты іздестіріп жатыр. Күн сайын алимент өндіруге 10 адам келіп, құжаттарын өткізеді. Мамандар баланы қамтамасыз етуге төленетін берешекті түгелдей дерлік өндіріп алу қиын екенін айтады. Ақша төлемеу жолында борышкерлер түрлі құйтырқы іс-әрекеттерге барады. Бірақ ақылға келіп, берешек ақшасын толығымен өтейтін жандар да бар. Мәселен, Бөрлі ауданының сот орындаушысы жалпы құны 3 млн 600 мың теңге болатын алиментті өндіріпті. Бүгінгі таңда алимент төлеуден жалтарып жүрген жандарға жаза қатаң. Қылмыстық іске дейін қозғалады. Сот үкімімен 8 адам қоғамдық жұмысты атқаруы керек.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.