Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алимент қарыз емес, парыз!

c 18:10, 10/01/2020 c 402

2019 жылы БҚО 17 тұлға алимент төлемегені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған.Ал, 109 азамат әкімшілік жазаға тартылыпты. Облыстық прокуратура алимент өндіру ісіне қатысты кеңес өткізді. Шараға облыстық әкімдік, өңірлік сот орындаушылар палатасы мен полиция департаменті және жұмыспен қамту саласының мамандары қатысты. Кеңес барысында 2019 жылы алимент төлемей жүрген 650 жұмыссыз борышкер қызметке орналастырғанын айтылды. Сондай-ақ, полиция қызметкерлерімен бірлескен жұмыс барысында 148 көлік ұсталып, 16 адам жүргізуші куәлігінен айырылып, 17 азаматтың шетелге шығу құқығы шектелген. Қабылданған шаралардың арқасында 80 млн теңгені құрайтын борыш 42 млн теңгеге дейін қысқарған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.