Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯЛАРДЫ ЖАБУҒА НЕ КЕДЕРГІ?

c 19:44, 29/11/2022 c 1269

0:00 / 0:00

Вице-премьер Серік Жұманғарин аймақтық дамыту қызметін атқарып отырған әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорацияларды жабу мүмкін емес дейді. Бұл жайында ол үкіметтің дәлізінде тілшілерге берген сұқбатында айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін депутаттар әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорацияларды жоюды ұсынғанды. Алайда, шенеуніктер бұған қарсы сияқты.

ӘКК мемлекет пен бизнестің әріптестігі, және өңірдің әлеуметтік экономикасын дамыту үшін, 2012 жылы құрылған болатын. Әр өңірде әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорация бар. Ақжолдық депутаттардың пікірінше, ӘКК-ның қызметі бүгінге дейін заңмен реттелмеген. Сондықтан бұл корпорация бүгінгі күнде ешқандай ортақ ережесіз құрылым. Әрбір әкімдік оны өзінше қолдануда. Шын мәнінде, бұл мекеме делдалдың рөлін атқарады, олардың не жоба менеджерлері, не мемлекет өкілі, не кәсіпкерлер екені түсініксіз деген еді. Осыны алға тратқан депутаттар үкіметтен әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорацияларды жоюды талап еткенді. Корпорацияның міндеті кәсіпкерлікті қолдау бола тұра, олардың проблемасын шешпей отыр деген еді мәжілісмендер. Мысалы, кең тараған пайдалы қазбаларды өндіруге рұқсат беру немесе жер учаскесін сұрау, не инфрақұрылым керек кезінде, ӘКК жарғылық капиталға бір тиын салмастан мекеменің меншігіне 30%-ға дейін қатыстыруын талап етеді, ал бұрын кәсіпкер мұндай рұқсатты жергілікті органдардан тікелей және тегін алатын. Бұл бір ғана мысал. Вице-премьер Жұманғарин депутаттардың талабын орындау мүмкін емес деп отыр.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорацияға салмақ көп түседі. Олар арқылы микронесиелендіру жүргізіледі. Корпорациялар енді Ауыл аманаты бағдарламасына қатысады. Әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорацияны жойсақ, қалай жұмыс істейміз. Оның орнына кім келеді? »

Сондай-ақ, «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттары мемлекеттік органдар корпорацияны коррупция құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беріп отыр. Корпорация тарапынан халық тұтынатын өмірлік маңызы бар тауарлардың бағасын төмендету мәселесінде немқұрайлық, яғни, өз мақсаттары мен міндеттерін орындамау және тиісінше жүзеге асырмау байқалады, нәтижесінде жергілікті бюджет қана емес, кәсіпкерлік субъектілері және халықтың әлеуметтік осал топтары да зардап шегіп отыр, - деген еді. Дегенмен үкіметтегілер бұл корпорацияларды аймақтарды дамыту институттарына айналдырғысы келеді.

СЕРІК ЖҰМАНҒАРИН – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Жақын арада әлеуметтік –кәсіпкерлік корпорацияларды жою мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Мүмкін олардың жұмысына өзгеріс енгізілер. Олардан аймақты дамыту институттарын құру қарастырылса жақсы болар еді. Оны қарау керек. Ал қолда тұрған құралды жою қиын сұрақ»

Депутаттардың мәліметінше, көзге көрінбейтін нәтиже бойынша корпорациялар 39 млрд теңгені азық-түлік бағасын тұрақтандыруға жұмсаған. Несиелерді өздері ауыз жаласқан компанияларға ғана беріп отырған. Бұл дерек бойынша ӘКК-ң лауазымды тұлғаларына қатысты 11 қылмыстық іс қозғалды.Шығын көлемі 7 млрд теңгені құрады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.