Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Алданғандар

c 19:59, 04/12/2020 c 1305

0:00 / 0:00

Арзан баспана аламын деп алаяқтарға алданғандар бас прокуратура алдына жиналды. Отбасы және жастарды қолдау қоры  халықтан ақша жинап, бір айдың ішінде арзан баспанаға немесе көлікке қол жеткізесің деген құр уәдемен тойдыра берген. Қазір 600 дей адам осы қорға алданып қалған. Бас прокуратура алдында жиналғандар, алаяқтардың бұл әрекетін қаржылық пирамида деп тануды, қаражаттарын қайтарып беруге көмектесуді сұрады.

Жалпы қазақстандықтар қаржы пирамидаларына 22 миллиард теңгеден көп ақша салған. Бұл тек анықталғаны ғана. Талай айдам алаяқтарға алданғанын жариялағысы келмей, арызданбайды. Әлі күнге дейін түсінбей, сол бойы сенумен жүргендері де бар.Отбасы және жастарды қолдау қорына сенген елордалықтар санын соғып қалды. Жыл басынан бері арзан баспана, көлік аласыз деп сендірген қор өкілдерінің сөзіне алданған 600 салымшы бас прокуратураға жүгінді. Миллиондарынан айырылғандар қордың негізін қалаушы Гүлбану Сәпейдің сөзі сенімді болды дейді. Қор жабылып қалса да, кей өңірлерде халықты алдап-арбауын жалғастыруда дейді шағымданушылар

Алаяқтардың алдауына түскендер ісін зерттеп жүрген журналист Мәдина Жатқамбаеваның айтуынша, аталмыш қордың бұл әрекетіне не полиция , не қалалық прокуратура тарапынан ешбір шара қолданылмаған.

Бас прокуратура алдында жиналғандар, алаяқтардың бұл әрекетін қаржылық пирамида деп тануды, қаражаттарын қайтарып беруге көмектесуді сұрады. Қадағалаушы орган өкілдері болса сол баяғы кезекші жауабын айтты.

Жаңалық Еламанов – ҚР бас прокурордың аға-көмекшісі «Шағымдарыңыз бар ма? Қабылдаймыз. Тағы да жазыңыздар қарастырамыз. Мен басқа ештеңе айта алмаймын. Бұл туралы бірінші рет естіп тұрмын».

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 2020 жыл басталғалы бері қаржы пирамидаларын ұйымдастыру және құру фактілері бойынша 217 қылмыстық іс тергелді. Оның ішінде 116 іс сотқа жолданды. Жалпы алғанда, әзірге 79 күдікті тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылуда. Бүгінде қаржы пирамидаларына қатысты 13 қылмыстық іс бойынша тергеу жүргізілуде.  Алданып қалмаңыз деген мұндай ақпарат жиі шығып жатыр. Дегенмен аңқау халық әлі де алдануда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.