Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ақжайық өлкесінде ән байқауы басталды

c 12:36, 24/08/2018 c 1018

0:00 / 0:00

Ақжайық өлкесінде "Атамекен" халықаралық ән додасы басталды. Биылғы жылы оныншы мәрте ұйымдастырылып отырған ән байқауына 20-дан астам қатысушысы бақ сынап жатыр. Өнерпаздар Ресейдің Астрахан облысы мен еліміздің Астана, Алматы, Қостанай, Атырау Шымкент, Тараз, Петропавл, Шығыс Қазақстан мен Маңғыстау өңірлерінен келген. Қазаққа танымал сазгердің туындылары туған жерді, достықты және махаббатты дәріптейді.

Тума талант иелерін анықтау үшін жиылған әділ-қазылардың құрамын Қазақстан Республикасының халық әртісі, "Отан" орденінің иегері Ескендір Хасанғалиев пен еліміздің еңбек сіңірген қайраткері, әнші сазгер Біржан Хасанғалиев бастап тұр. Оныншы мәрте ұйымдастырылып отырған додада бақ сынап жатқан қатысушылардың дені осал емес. Олар өз өнерлерін ортаға салып, көрермендерге тамаша тартуды көздеп отыр.

Халықаралық ән байқауының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанған өнер иелері арнайы алғыс хат, статуэтка мен ақшалай сыйқылықтарға ие болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.