Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Айыппұлды уақытылы төлеңіз!

c 16:59, 01/03/2021 c 277

0:00 / 0:00

Бейнежазбадан көргендеріңіздей темір тұлпар айыппұл тұрағына жеткізілуде. Бұл "Борышкер" жедел алдын-алу іс шарасы барысында анықталған көлік. Қала көшесінде тоқтатылған ресейлік нөмірлі темір тұлпардың тексеріс барысында төленбеген айыппұлдары бары анықталды. Сондықтан дереу хаттама толтырылып, арнайы тұраққа жеткізілген.
Жүргізушінің сөзіне сенер болсақ, ол өз атында айыппұл барын білмепті. Дереу өтеп, көлігін алып кетті. Ал Айдын секілді жүргізушілер қала бойынша көп екен. Бірі расымен жол жүру ережесін бұзғанын білмей жатса, енді бірі біле тұра өтемей жүріп алатын көрінеді. Сондай жүгенсіз жүргізушілерді анықтау үшін осындай алдын-алу шаралары жүйелі түрде өткізілуде.
Жыл басынан бері қала жолдарында 8 147 әкімшілік құқық бұзушылық бойынша жалпы сомасы 40 млн. теңгеден астам айыппұл салу туралы қаулы шығарылған. Бүгінде тек 5 712 әкімшілік материал бойынша айыппұл өндіріліпті. Бұл барлық сомманың тек 60 пайызын құрайды.
Ал 29,9% пайызы, яғни 24 млн. теңге түрлі себептермен өтелмей тұр. Тәртіп сақшылары әкімшілік құқық бұзушылыққа байланысты салынған айыппұлды өз еркімен төлеу мерзімі өткен жағдайда 30 күннен соң мәжбүрлеп өндірілетінін ескертеді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.