Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әйелін кепілге алған ер адам ұсталды

c 16:24, 29/11/2019 c 916

0:00 / 0:00

Орал қаласында келіншегін кепілдікке алған ер адам ҚР Қылмыстық Кодексінің 261-бабымен адамды кепілге алу бойынша  сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Кепілде болған әйел сол аяғынан жарақат алған. Ол кеше кеште  ауруханаға жеткізілген. Арнаулы операция аяқталған соң БҚО Полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Серік Сүйінбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін баспасөз мәслихатын өткізіп, арнайы құралдарсыз және қарусыз қаскүнемді залалсыздандырғанын айтты. Белгісіз азаматтың Жәңгір хан көшесі, 13 мекенжайындағы нотариустың кеңсесінде әйел адамды кепілге алғаны туралы ақпар сағат 13.10-да «102» нөміріне түскен. Әрі оның қолында пышақ пен гранатаға ұқсас заттың болғаны хабарланған. Оқиға орнына жедел түрде Полиция, Прокуратура, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен жедел медициналық жәрдем қызметі барған. Сол жерде штаб құрылып, ішкі істер министрлігімен тікелей байланыс жүргізілген. Арнаулы операцияға Ішкі істер министрі, генерал-лейтенант Е.Тұрғымбаевтың өзі жетекшілік еткен.Осылайша, сағат 13.10-да басталған арнаулы операция алты сағаттан аса уақыттан соң, яғни сағат 19.40 шамасында аяқталған. Қоршау алынып, тұрғындар үйлеріне оралды. Ұсталған азамат Полиция департаментіне жеткізілген. Кепілде болған әйел сол аяғынан жарақат алған. Оқиғадан есеңгіреп қалған әйелмен  психологтар жұмыстануда.Полиция полковнигі С.Сүйінбаев ҚР Қылмыстық-процестік заңнамасының 201-бабына сәйкес аталған фактіге қатысты кейбір мәліметтер жарияланбайтынын жеткізді. Дегенмен, әйелін кепілге алған бұл 1978 жылғы азаматтың бұған дейін, яғни 2018 жылы жауапқа тартылғаны белгілі болып отыр. Сол кезде тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы бойынша екі мәрте қорғау нұсқамасы шығарылған екен. Демек, ер азаматтың әйелін аңдуына, телефон арқылы сөйлесуіне, қарым-қатынас жасауына тыйым салынған.Айта кету керек, операция барысында қазіргі уақытта ерлі-зайыптылардың арасында ажырасу процесі жүріп жатқаны анықталған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.