Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Әйелін 18 рет пышақтаған

c 17:45, 20/04/2021 c 776

0:00 / 0:00

Оралда Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің бұрынғы қызметкері өз әйелін 18 мәрте пышақтап өлтірді. Оқиға орнынан бой тасалаған айыпты көп уақыт өтпей қаланың басты көшелерінің бірінде қолға түсті. Бұл марқұмның жұмыс орны көрінеді. Куәгерлердің сөзіне сенер болсақ, 30 жасар азаматша Бөкейордасының тумасы. Өнегелі отбасында тәрбиеленген. 19-сәуірде айдың, күннің аманында өзінің жолдасының қолынан қаза тапты. Айыпты оны 18 рет пышақтаған. БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков қайғылы оқиға Орда көшесінде болғанын мәлім етті. Ал бұл кадрдағы ер азамат осы қанды оқиғаға айыпты болып отыр. Ол өткен аптаның жұмасы күні Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөліміндегі бас маман қызметінен өз еркімен кетіпті. 30 жасар ер адам оқиға орнынан бой тасалағанымен шамамен сағат 17:00-де Абай даңғылы бойындағы жабық мұз айдыны сарайы тұсында ұсталған. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізілуде.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, Орда көшесі, 1/1 мекенжайына жедел жәрдем сағат 16:46-да шақырылған.Белгілі болғандай ерлі зайыптылар жақында ажырасыпты-мыс. Олардың мектеп жасына жетпеген бірнеше балалары бар көрінеді. Облыста осындай қайғылы жағдай екі жыл бұрын Тасқала ауданында тіркелген еді. Онда өз әйелін екі қызымен бірге өртеп жіберген қандықол қылмыскер өмір бойы бас бостандығынан айрыру жазасына кесілген болатын.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.