Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Аграрлық салаға басым бағыт берілді

c 16:53, 14/02/2022 c 538

0:00 / 0:00

Өткен жылдың ІІІ тоқсанының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек өнімділігі 1 адамға шаққанда 1 млн 845,1 мың теңгені құрады. Қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау көлемі 46 млн АҚШ долларынан асты. Бұл 2017 жылғы көрсеткіштен үш еседей артық. Облыстық мәслихаттың кезекті 9-сессиясында еліміздегі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бойынша 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуы туралы есеп тыңдалды. Сондай-ақ депутаттар мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың жұмысын талқылады.Өңірде агроөнеркәсіп саласы бойынша жұмысын бастаған мемлекеттік бағдарламаларға бюджеттен 76,7 млрд. теңге бөлінген. Статистикалық мәліметтер бойынша агроөнеркәсіптік кешеннің негізгі капиталына тартылған инвестиция 88,3 млрд. теңгені құрайды. Бағдарламаны іске асыруда өңірде ауыл шаруашылығы саласы бойынша шұғылданушылар саны артқан. Отырыста саланың түрлі бағыты бойынша тартылған инвестициялар сомасы бойынша есеп тыңдалып, бір ауыздан қабылданды. Облыс әкімі Ғали Есқалиев салада атқарылған жұмыстар қашан да басты назарда болатынын айтып, мемлекеттен қолдау жүйелі түрде жүргізілетініне тоқталды. Сонымен қатар облыстық мәслихат жанындағы тұрақты комисиия мүшелері өткен жылы орындалған жұмыстарға есеп берді. Олар есептік кезеңде 41 отырыс ұйымдастырып, онда 100-ге жуық мәселе талқыға салынған. Сессия отырысында барлық баяндама қаперге алынды. Сондай-ақ депутаттық корпус бірқатар көтерілген мәселелерге өзгерістер енгізді. Кеңес соңында облыс әкімі Ғали Нәжімиденұлы бюджет қаражатын оңтайлы жұмсау үшін облыс халқы мен депутаттарды ұсыныс пікір білдіруге шақырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.