0:00 / 0:00
Алаяқтар заманауи технологияларды жиі қолданып, олардың әрекет ету тәсілдері күрделеніп келеді. Мұндай жағдайда басты қорғаныс - азаматтардың ақпараттық сауаттылығы мен сақтығы. Орал қаласында осы мәселеге арналған «AFM Online 2026» өңірлік форумы өтіп, онда сарапшылар кибералаяқтықтың кең таралған түрлері, алаяқтардың айла-тәсілдері және жеке деректер мен қаржыны қорғау жолдары туралы жан-жақты түсіндірді. Толығырақ тілшіміз баяндайды.










