Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«7-20-25» бағдарламасы

c 18:47, 13/07/2018 c 636

0:00 / 0:00

Президент Нұрсұлтан Назарбаев биыл наурыз айында "7-20-25" жаңа тұрғын үй бағдарламасын ұсынып, ол бағдарлама шілдеден бастап іске қосылған болатын. Бүгіннің өзінде осы жоба арқылы еліміздің 5 ірі қаласында 7 қарыз берілді. Халық әлеуетін көтеруге арналған бағдарлама тұтынушыларға комиссиясыз және қосымша ақысыз 7 пайыздық мөлшерлеме бойынша тұрғын үй құнының 20пайыз мөлшерінде бастапқы жарна сондай-ақ 25 жылға дейін несие мерзімін ұсынады. Ал бұл баспананың талаптары қандай? Үйсіз, күйсіз жүргендер арманы қалай орындалады? Тұрғын үй сатып алу үшін Астана; Алматы сынды ірі қалалардағы бағаның ең жоғарғы шегі 25 млн теңге, ал біздің өңір үшін 15 млн теңге деп белгіленіп отыр. Ипоттекалық несиенің жалпы көлемі 1 триллион теңге. Қазір Оралда 6 банк филиалы осы бағдарлама бойынша жұмыс істеуде. Жергілікті құрылыс компанияларының басшылары жобаның тиімділігін айтып отыр. Айта кетелік, бастапқыда бағдарлама арқылы тек жаңа үйлердегі пәтерлер ғана сатылады. Екінші деңгейлі пәтерлерді сатып алу бағыты кейін жүзеге асырылмақшы.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.