Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

№50 мектептің құрылысы аяқталды

c 17:47, 01/11/2018 c 872

0:00 / 0:00

Негізі мектеп өткен жылдың желтоқсан айында қолданысқа берілуі тиіс еді. Алайда 2016-жылы басталған жоба біраз уақыт жауапсыз мердігердің салдарынан тоқтап қалғаны бұған дейін де айтылған еді. Міне енді олқылықтың орны толтырып су жаңа білім ошағы өз оқушыларын күтуде.

АҚЖОЛ ҚОЖАМҰРАТҰЛЫ,БҚО ҚҰРЛЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

Құрылыс жұмыстары аяқталды. Шамамен екі аптадан соң қолданысқа берілуі тиіс. Бұған дейінгі жауапсыз мердігердің салдарынан, құрылыс жұмыстарын "Жиенбай" құрылыс компаниясы жалғастырды.

Тоғыз блокты мектеп кешенінде 12 оқу сыныбы, 9 әмбебап бөлме, бірнеше мультимедиялық кабинет, екі спорт зал, 294 орындық мәжіліс залы, еңбек сабақтарына арналған шеберханалар болады. Информатика, география, биология кабинеттері лабораторияларымен жабдықталмақ. Қазірдің өзінде сыныптарға жиһаздар әкелінуде. Жоғарғы қабатта желдету құрылғылары, сынып бөлмелеріне қол жуғыштар қойылуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.