Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

5 автопарк 79 автобус сатып алды

c 18:19, 26/04/2022 c 534

0:00 / 0:00

Оралдықтар қоғамдық көліктің қозғалысы мен автобустардың жүру регламенті, техниканың сын көтермейтін жағдайын жиі сынға алады. Қазіргі таңда қала аумағында жолаушыларды тасымалдау үшін күн сайын 270 автобус рейске шығады. Алайда тұрғындарды толыққанды тасымалдап, ренгламентті реттеу үшін 400 жуық автобус қызмет жасауы керек.

Бұл біз тілдескен оралдықтардың автобус қозғалысына берген бағасы. Автобустардағы қызмет сапасы мен жүру регламенті азаматтардың көңілдерінен шықпайды. Жолаушы тасымалына жауапты мамандардың таратқан ақпарына сүйенсек, қазіргі таңда 6 автобус паркі жолаушыларды тасымалдаумен айналысады. Яғни, 27 қалалық, 10 саяжай және 6 қаланың іргесінде орналасқан елдімекендерді жалғайтын автобустар қызмет жасайды.

Өткен жылы осы әлеуметтік тасымалдауды жүзеге асырып отырған автопарк өкілдеріне қалалық бюджет есебінен 2 млн 45 млн теңге көлемінде демеу қаржы төленген. Биыл 414 млн теңге субсидия төленіпті. Бұл қаржыға қаңтар мен ақпандағы шығындар өтелген.

Жолаушыларды тасымалдау ассоциациясының басшысы Нұрлан Бекқайырдың сөзіне сенсек, барлық автопарктың бережақтарын төлеп, шығындарын жабу үшін бюджеттен 3 млрд теңгеден астам субсидия төленуі тиіс.

Өткен жылы бес автопарк 79 жаңа автобус сатып алды. Бұл тозығы жеткен автобустардың 47 пайыз көрсеткішін 36 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік берді. Сала мамандары биыл да автопарк өкілдері несие алып, жолаушыларды тасымалдайтын жаңа темір тұлпарлар сатып алуды жоспарлап отырғандарын айтады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.