Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

№47 мектепте қоңырау орнына күй ойнайды

c 12:48, 13/03/2018 c 3244

0:00 / 0:00

Ұлттық өнерге тың серпін! Қалалық №47 мектепте қарапайым қоңырау үні күмбірлеген күйге алмастырылған! Осылайша бұл білім ордасы «Рухани жаңғыру» аясында қолға алынған игі бастаманы қолдаған мектептердің алғашқыларының қатарында. Оқу ошағы Елбасымыздың ұсынған бағдарламасы бойынша басқа да елең еткізер шараларды қолға алған. 47 мектептің қоңырауы осылай ойнайды. Қарапайым қоңырауды қазақтың күмбірлеген күйіне ауыстыруды олар мектеп ашылғаннан бері бастап кеткен. Енді бұл бастама толығып, «100 күйдің тарихы» атты ауқымды жоба бойынша жоспар дайындалған. Үлкен үзіліс кезінде күйдің шығу тарихы, күй авторының өмірбаяны радиоторап арқылы баяндалып отырады. Ал тәрбиенің бастауы өнер болса, өнердің ұлысы деп төл өнеріміз, мәдениетіміз танылады. Мектеп қоңырауында күмбірлейтін күй күн сайын ауысып отырады. Бүгінде мамыр айының соңына дейінгі күйлер тізімі де әзірленіп қойылған. Бұған қоса, асық ату, тоғызқұмалақ, дойбы мен шахмат сынды ойындар да ұйымдастырылған. Оқушылар қоңырау кезінде ұлттық өнерімізді сусындай жүріп уақыттарын тиімді өткізеді. Енді бұл оқу ошағында «100 кітап» қанатқақты жобасы да қолға алынбақ. Шәкірттер қазақтың үздік 100 туындысын үйде де, үзілісте де оқып, әдеби шығармалармен танысады.

Автор:

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.