Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тағы да жол көлік оқиғасы

c 17:26, 12/12/2018 c 672

0:00 / 0:00

Жол-көлік оқиғасы жиілеп барады. Қараша желтоқсан айларында жол қозғалысын қалпына келтіру мақсатында рейд шаралары қолға алынғанымен адам өмірін қиып кеткен бірнеше жол-көлік оқиғасы орын алды. Мәселен апта басында 1988 жылы туылған ер адам өмірмен қоштасса, кеше орын алған оқиға салдарынан бір адам көз жұмып енді бірі аурухана төсегінде ажалмен күресіп жатыр. Оралда жол апатынан жаяу жүргінші көз жұмып, полиция қызметкері жарақат алды. Оқиға  кеше түнде «Орал-Самара» жолы бойындағы полиция бекеті маңында орын алды. «ВАЗ» автокөлігі екі адамды қағып кеткен, оның біреуі оқиға орнында көз жұмды. Полиция қызметкері жарақат алды. БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 22.39-да түскен.

АЙНАГҮЛ САҚПОСЫНОВА,ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: - Жедел жәрдем бригадасы бес минуттан кейін жеткен. 1983 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. 1990 жылғы ер адам облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Алдын ала мәліметке қарағанда, оның иығы сынған, жабық  ми жарақатын алған, жағдайы тұрақты.

Алдын ала мәліметке қарағанда, оның иығы сынған, жабық ми жарақатын алған, жағдайы тұрақты. Облыстық  ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі болған оқиғаны растап, ақпарат берді.

ӘЛИЯ НАУРЫЗҒАЛИЕВА, БҚО ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ: - Ваз автокөлігінің жүргізуші оқиға орнынан бой тасаламақ болғанмен, 400 метр қашықтан ұсталды. Анықталғандай көлік жүргізушісі алкогольді өнім тұтынғаны мәлім болды. Оның үстінен ҚР Қылмыстық кодесінің 345 бабы 3 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Осы орайда  тәртіп сақшылары көлікке өзгенің өміріне қауіп төндірмес үшін ішімдікке ішіп жолға шықпауын және ортақ тәртіпке бағынуға шақырады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.